Жарнама
Инфрақұрылым

Қайнар тұрғын үй алабынан жер беріле бастады

Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қайнар тұрғын үй алабына инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстары аяқталуына байланысты, 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтарға кезектілігі бойынша Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскесін бөлуді бастады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ Ж.Жұмағалиев Кеңөзек ауылдық округі, Қайнар тұрғын үй алабынан 1999-2006 жылдары аралығында жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін өтініш білдірген азаматтар қосымша сұрақтарымен Сатпаев көшесі 5 мекенжайында орналасқан Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне жұмыс күндері сағат 9.00-18.00 аралығында хабарласуыларына болатынын жеткізді. 

Айта кетейік, аталған ауылдық округтен тұрғын үй салу үшін 618 жер телімі бөлініп отыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button