Жарнама
Инфрақұрылым

Өркениетке көшудің көрінісі

Тәжірибеден байқағанымыздай, уақыт алға озған сайын халықтың игілігіне қызмет қылатын инженерлік инфрақұрылымдардың заман талабына сай жетілдірілуі – елдің өркениетке көшуінің нақты көрінісі екенін аңғару қиын емес. Мұның айқын мысалы ретінде жылдан жылға республикада газдандыру жұмыстарының қарқын алғанын келтірсек артық емес.


Расында да бір кездері көктегі қол жетпес жұлдыздай болып көрінген «көгілдір отынның» күнделікті тұрмысымызға еніп, көптің керегіне жаратылуы, соған орай өмір сүру сапасының жақсарып, жеңілдей түскені сөзімізге дәйекті дәлел болғандай. Әсіресе, жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың ауқымы кең екенін көзімізбен көріп, куәсі болып отырмыз.
Десек те, бұл күнге, мұндай деңгейге оңайлықпен жетпегеніміз, көп қиындық пен кедергіні жеңуге тура келгені де көз алдымызда. Облыста алғашқылар қатарында газдандырылған өңірлердің бірі – Жайық бойын жайлаған Махамбет ауданы.

Нақтылай кетсек, бұл мезгіл екі мыңыншы жылдардың енді ғана басталған кезі болатын. Айрықшалап айтарым, ол уақытта газ құбырларының құрылысы жердің үстімен жүргізілгендіктен апатты жағдайлар орын алып, ара-тұра тұрғындар газсыз қалып қоятын. Кейіннен қолданылатын техника-технологиялардың жетілдірілуінің нәтижесінде жұмыс біраз жеңілдеп, құбырлардың қауіпсіздігі қызметтің жоғары сапасы, құрылғылар мен желілердің төзімділігі қамтамасыз етілді. Газ желілері жердің астымен, талаптар мен ережелер қатаң сақтала отырып, жүргізілетін болды. Істің тетігін білетін, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар мен жұмысты жеңілдететін арнаулы техникалар көбейді. Осының бәрі көңілге қуаныш, келешекке сенім ұялатады.

Сағынбай ШОТПАҚОВ,

Махамбет ауданының Құрметті азаматы

Сурет: kursiv.media

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button