Жарнама
Инфрақұрылым

Облыста жазғы су желілері жаңартылады

Былтыр тамыз айынан бастап Исатай ауданының үш ауылында жалпы ұзындығы 140 шақырым болатын жазғы су желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шарушылығы басқармасының бөлім басшысы Асан Нұрғалиев мәлім етті.

Оның айтуынша, Тұщықұдықта – 50,5 км, Ерғалиевте – 39,5 км және Жанбай ауылында 50 шақырым қамтылмақ. Құрылыс жұмыстарын биыл аяқтау жоспарланған.

– Сонымен қатар жазғы су құбыры желілері Махамбет ауданының Еңбекшіл (9,2 км), Жалғансай (16 км), Қызылқоға ауданының Миялы (14,1 км) ауылдарында да жаңғыртылуда. Махамбет ауданындағы Талдыкөл 12,2 км, Сарытоғай 7,7 км, «Жаңа ауыл» және «Шаттық» шағыаудандарында 6,4 км жазғы су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, құрылыс жұмыстары 2025-2026 жылдары басталмақ, — деді А.Нұрғалиев.

А.ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button