Жарнама
Инфрақұрылым

Облыста магистральдық газ құбырын салу жұмысы жүруде

Аймақ тұрғындарын газбен қамту көрсеткіші – 99,9%. Ұзындығы 122 шақырым болатын газ желісі жүргізіліп, 6 елді мекеннің халқы көгілдір отынмен қамтылды.

«Бұдан бөлек, магистральдық газ құбырын салу жұмысы жүріп жатыр. Бұл қаланың бір мөлтек ауданын, кәсіпкерлік субьектілерді тұрақты газбен қамтуға мүмкіндік береді», — деді Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар Аймақта 27,6 шақырым жылу желісі жөндеуден өтіп, 13 жылу бекетіне құрылғылар сатып алынды. Жыл басынан бері 160 шақырым электр желісі ауыстырылып, 54 мың тұтынушыға тұрақты жарық беріле бастады. Бұдан бөлек, 742 шақырым электр желісі жөнделді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button