Жарнама
Инфрақұрылым

Облыста биыл 353,1 шақырым автомобиль жолы пайдалануға беріледі

Осы жұмыстардың нәтижесінде облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 78%-ға артады. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев баспасөз брифингінде мәлім етті.

–«Индер-Қарабау-Миялы-Сағыз» автомобиль жолының 80 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарынан қалған 6,5 шақырымы биыл аяқталып, толықтай пайдалануға береміз. Ұзындығы 18 шақырым «Миялы-Ойыл» 50 шақырымдық Тайсойған ауылына кірме жол күрделі жөндеуден өтіп, 7 шақырымдық Индербор кентіне кірме жолдың құрылыс жұмыстары да биыл бітеді. Сонымен қатар, «Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяевка» автомобиль жолының 29 шақырымын күрделі жөндеу жұмыстары мен облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» автомобиль жолының 117-164 шақырымы аралығын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Махамбетте – 33,1, Мақатта – 8,8, Құрманғазыда – 26, Исатайда – 5,4, Индерде – 7,3, Қызылқоғада – 10,6, Жылыойда – 51,5, aл Атырау қаласында 52,9 шақырым жол төселеді, – деді Ә.Мұханбеталиев.

Айта кету керек, облыс аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 6 533,6 шақырым. Оның ішінде: республикалық – 1125,6; облыстық – 838; қала жолдары- 1634,9; аудандық -1089; ауданішілік жол 1846,1 шақырымды құрайды.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет baq.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button