Жарнама
Инфрақұрылым

“Нұрсаяда” ұзындығы 20 шақырымды құрайтын жерасты электр желісі жаңартылды

Атырау қаласы «Нұрсая» шағынауданындағы 60-қа жуық көпқабатты үй мен «Тұлпар», «Болашақ» және «Сұңқар» тұрғын үй кешенінің жерасты кабелі ауыстырылды. Бұл жұмысты қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тапсырысымен «Атырау Жарық» АҚ жүзеге асырып жатыр, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 2924
Screenshot

-Өздеріңізге мәлім, соңғы жылдары “Нұрсая” тұрғындарынан жарық мәселесі бойынша шағым көп. Оған себеп, 16 жыл бұрын қолданысқа берілген тұрғын үйлердің электр кабелі ескіріп, апаттық жағдайда кабельге жалғанатын мувталар шамадан тыс көбейген. Яғни, жерасты электр кабеліне жалғанған мувта саны нормативтен асып кеткен. Соның салдарынан ток көзі нашарлап, тұрғындар тарапынан шағым көбейді. Бүгінде проблеманың шешімін зерделей келе, жерасты электр желісін полиэтиленмен қапталған өзін-өзі оқшаулағыш замануи кабельге ауыстырдық, — деді «Атырау Жарық» АҚ қалалық электр жүйелерінің бас инженері Нұржан Жұмабаев.

img 2926
Screenshot

Аталған жұмыстың нәтижесінде, 109 байланыс орталығына жарық мәселесі бойынша нұрсаялықтардан түсетін шағым саны 4 есеге азайған. Анығын айтқанда, мамыр-қыркүйек аралығында түскен шағым саны 2169 болса, соңғы 3 айдағы көрсеткіш саны — 559.

Жалпы екіжақты келісім аясында ұзындығы 32 км болатын жер асты желісі ауыстырылуға тиіс. Бүгінде жоспарланған жұмыстың 70 пайызы аяқталған.

-Енді жыл соңына дейін «Жұлдыз», «Жұлдыз-3», «Водников» шағынауданы және Берқайыр Аманшина, Бақыткерей Құлманов көшесі мен Қаныш Сәтпаев даңғылындағы электр желісін ауыстырамыз, — деді қалалық ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Олжас Хасанов.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button