Жарнама
Инфрақұрылым

Миялы–Жангелдин көпірінде жөндеу жұмыстары басталды

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Миялы мен Жангелдин ауылдары арасындағы көпірді қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Қызылқоға аудандық әкімдігі хабарлады.

Аудандық әкімдіктің ресми өкілдерінің айтуынша, облыстық маңызы бар «Сағыз-Миялы-Қарабау-Индер» тасжолы негізінен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының құзырында. Алайда, Атырау, Жылыой, Махамбет, Индер аудандарындағы ахуалға сәйкес арнайы техникалар сол жерлерге жұмылдырылғандықтан, жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін емес. Дегенмен, аудан тұрғындарына қолайлы жағдай туғызу мақсатында аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен тасжолдарды уақытша қалыпқа келтірілу жұмыстары басталды.

–Мәселен, Миялы мен Жангелдин ауылы арасындағы көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іске ұзындығы 10 метр болатын 3 КамАЗ, 2 жүк тиегіш және 20-ға жуық ерікті жұмылдырылуда. Аталған жұмыстар аудан әкімінің тұрақты бақылауында, — дейді аудан әкімдігінің ресми өкілі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button