Жарнама
Инфрақұрылым

Мақатта төрт кәріз сорғы станциясы күрделі жөндеуден өтуде

Мақат ауданы Мақат кентінде №1, №2, №3 және №4 кәріз сорғы станцияларында күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар кәріз жүйесінің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мердігер мекеме – «Жәнібек-Айдос» ЖШС.

–1974 жылы салынған бұл кәріз айдау станциясының ішкі шахталары, электр желілері, кәріз және су құбырлары істен шығып, біраз қиындық туғызған болатын. Қазір станциялардағы сорғы қондырғылары мен инженерлік желілер толық жаңартылып, автоматтандырылған басқару жүйелері орнатылуда. Электр желілері де қайта жабдықталады, — деді Мақат аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрболат Бөлеков.

Жөндеу жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Жоба толық аяқталған соң тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсарып, төтенше жағдайлардың туындау қаупі төмендемек.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button