Жарнама
Инфрақұрылым

Махамбетте жаңа энергетикалық нысан іске қосылды

Махамбет ауданында маңызды инфрақұрылымдық жоба – жаңа энергетикалық нысанның ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев қатысып, жергілікті тұрғындармен бірге жаңа электр желілерінің жұмысымен танысты.

img 1679
Screenshot

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жоба Махамбет ауылының «Мерей» шағынауданы мен «Жалғансай» ауылын үздіксіз әрі сапалы электр энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылды.

Нысан ауыл тұрғындарын тұрақты электрмен қамту, жаңа шағынаудандардың инженерлік инфрақұрылымын дамыту, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту міндеттерін атқарады.

Электр желілері мен қосалқы станциялар іске қосылып, енді аудан аумағындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар сенімді әрі үздіксіз жарықпен қамтамасыз етілетін болады. Бұл өз кезегінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына оң әсер етпек.

-Энергетика – ел дамуының негізі. Бұл нысан – тек инфрақұрылым емес, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадам. Енді жаңа құрылыс алаңдары мен әлеуметтік нысандарды дамытуға жол ашылады, – деп атап өтті аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Жобаның іске асырылуы аудан тұрғындары үшін маңызды шешімдердің бірі болып отыр. Алдағы уақытта осындай инфрақұрылымдық бастамалар жалғасатын болады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button