
Кірмежолдар күрделі жөндеуден өтеді
Өндірісті өңірлер саналатын Құрманғазы, Исатай және Мақат аудандарының орталықтарына қатынайтын облыстық маңызы бар жолдар жаңғыртылады.
-Қазір осы жоба бойынша салынуы жоспарланған кірмежолдарға (Аққыстау ауылына — 0,8 шақырым, Құрманғазы ауылына — 0,975 шақырым, Мақат ауылына — 0,453 шақырым) қатысты атқарылатын жұмыстардың жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң бағасын алды. Бұған қоса, осы жобаларды техникалық жағынан қадағалаушы мекемелер де анықталып отыр, — деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Хайноллаев.
Оның айтуынша, енді мемлекеттік сатып алулар заңнамасы талаптарына сәйкес, жобаны жүзеге асыратын, яғни ққрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізетін мердігер кәсіпорындарды веппортал арқылы анықтау процесі жүргізілуде.
Білгеніміздей жаңғыртылатын барлық жолдың негізгі қабаттары тегістеліп, жаңадан асфальт төселеді. Жол белгілері мен құбырлар жаңғыртылып, жиектері фрещерленген материалдармен нығайтылады.
Сарапшы-мамандардың пайымдауынша, жол инфрақұрылымын жақсартып заман талабына сәйкестендіру мақсатында жасалынып, мұндай қадамдар көлік қозғалысын жетілдіріп, жолдың сапасын сақтай отырып, қауіпсіздігін арттыруға оң ықпалын тигізеді.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: gov.kz