Жарнама
Инфрақұрылым

Индерде 32 км жол салынып жатыр

Индер ауданында инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыс нәтижесінде аудан бойынша жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын жолдың құрылысы жүргізілуде, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Индербор кентіндегі Болашақ шағынауданында ұзындығы 12 шақырым болатын автомобиль және жаяу жүргіншілер жолы салынуда. Құрылыс алаңында 15 техника мен 33 адам жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта 6 көшеге инертті материал төселді.

Сонымен қатар Шығыс шағынауданында 5 шақырымдық автомобиль және жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілуде. Мұнда 14 техника қамтылған. Құрылыс биыл толық аяқталады деп жоспарланып отыр.

Индербор кентінің өзінде де 10,4 шақырым жол салынуда. Бұл жұмыстар былтыр басталып, белсенді жалғасуда. Құрылыс желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Мұнда 9 техника жұмыс істеуде.

-Ауылдық округтер де назардан тыс қалған жоқ. Жарсуат пен Құрылыс ауылдарында ауылішілік жол салу жұмыстары басталды. Жарсуат ауылында 9 техника, Құрылыс ауылында 7 техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта Бөдене ауылында ұзындығы 3,7 шақырым болатын жол құрылысы басталмақ, — деді аудандық ТҮКШ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.

Инфрақұрылым саласындағы жұмыстар тек жолмен шектелмейді. Аруана кешеніне екі ай ішінде толық канализация жүйесі тартылды. Сонымен қатар Аққала ауылында орналасқан су тазарту қондырғысы күрделі жөндеуден өтуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button