Жарнама
Инфрақұрылым

Игіліктің ерте-кеші жоқ

Республикада жыл санап жол-көлік инфрақұрылымының жақсаруына байланысты аймақтардың, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің өзара байланысы артып, еліміздің транзиттік әлеуеті күшейе түсуде.

Өңірімізге тікелей қатысты айтсақ, елімізді көршілес Ресеймен байланыстыратын республикалық маңызы бар «Атырау-Астрахан» автомобиль жолын қайта жаңғыртудың арқасында аймақтың көлік инфрақұрылымы дамып, іргелес орналасқан екі елдің экономикалық, әлеуметтік-мәдени ынтымақтастығы нығая түсуде.

Бұдан бөлек, Атырау қаласын дамытудың бас жоспарына сәйкес, шаһардың солтүстігінен айналма жол салынуда. Жолдың жалпы ұзындығы – 27,5 шақырым. Маңызды нысанның жобасына Жайық өзені арқылы өтетін бір көпір, Сарыөзек каналының үстімен өтетін бір өткел және үш жолайрық кіреді. Қазіргі уақытта мұнда негізінен жер қазу жұмыстары қарқын алған, сондай-ақ жолдың төменгі қабатын төсеу жұмыстары қатар жүргізілуде.

Айта кету керек, осындай жобалар бұған дейін де бірнеше рет жоспарланған болатын. Алайда, түрлі себептермен қағаз жүзінде қалғанын көзіміз көрді. Енді, орын алған олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерге жол бермеу мақсатында нақты шаралар қолға алынуда.

Халқымыздың «Игіліктің ерте-кеші жоқ» деген дана сөзінің мәні осыны аңғартса керек.

Мәлік ЕРКЕҒҰЛОВ,

жол саласының ардагері,

Атырау қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button