Жарнама
Инфрақұрылым

Еркінқалада тасжол төсеу жұмыстары аяқталды

Атырау қаласындағы Еркінқала-2 елдімекенінде салынған автокөлік жолдарына толықтай асфальт төселді. Бұл туралы «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім бастығы Нұрлан Жантурин мәлімдеді.

Аталған мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауылдағы жол құрылысы 2018 жылы басталған. Биыл жұмыстар жалғасын тауып, жалпы ұзындығы 60,2 шақырым автокөлік жолы салынды.

– «АИС» мердігер мекемесі жолға асфальт төсеу жұмыстарын толық аяқтады. Қазір жол жиектерін бекіту, жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Біздің филиал инженерлері бұл жолдарға 16 рет тексеріске шығып, құрылыс материалдарынан 89 сынама алды. Зертханалық сараптау нәтижесінде 34 сынаманың бекітілген стандарттарға сәйкес еместігі анықталды, — дейді Н.Жантурин.

Айта кету керек, Атырау қаласы ішіндегі жол салу жұмыстары әлі де жалғасуда. Қазір Жастар көшесінен Еркінқала елдімекеніне дейінгі жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Бұл жол болашақта 4 жолақты болып кеңейтіледі.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button