Жарнама
Инфрақұрылым

Елтайда алғашқы спорт кешенінің құрылысы басталды

Индер ауданы Елтай ауылында алғаш рет дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынды. Жоба ауыл халқының спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға серпін болмақ, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

a554a400 29c8 41eb a0a6 34cee887b991

Құрылыс жұмыстарын «АймарСтройСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Қазір нысанның аумағы қоршалып, іргетасы құйылып жатыр.

35efbfb0 f1d9 4955 be51 bd2cca26b17a

– Елтай ауылының жастары бұл жобаны көптен бері күтіп жүрген. Бұл кешен олардың спортпен жүйелі түрде айналысуына жол ашып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етеді. Бүгінде құрылыс жұмыстары бекітілген жоспарға сай жүргізілуде, – деді Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Дарын Ілиясов.

Жаңа кешенде жаттығу залы, екі бокс залы, көрермендерге арналған трибуна, киім ауыстыру бөлмелері, ерлер мен әйелдерге арналған жуынатын орындар, мейірбике бөлмесі және мекеме басшысының кабинеті қарастырылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button