Депутаттар тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан алаңға барды
«AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары аудандағы тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан алаңға арнайы барып, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды atr.kz тілшісі «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылында 3 қабатты 60 пәтерлік тұрғын-үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Жобаның жалпы келісім-шарт құны – 999 704 млн. теңге. Бас мердігер – «КаСтойЛтд» ЖШС.
«AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының өкілдері мен аудандық мәслихат депутаттары құрылыс алаңына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.
— Құрылысы жүріп жатқан тұрғын-үйдің қабырғалары ақ тастан және қосымша силикатпен қапталып жатыр. Бұл тұрғындар үшін жылы әрі қолайлы болатыны анық. Жасалатын жұмыстар әлі көп. Мердігер компанияның құрылыс жұмысын сапалы жасап, уақытылы аяқтауын күтеміз, — деді аудандық мәслихат депутаты Ерлан Қуанышев.
Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 1 жыл уақытқа жоспарланған. Партияның бастамасымен тұрғызылып жатқан тұрғын-үйге қоныстанатын уақытты махамбеттіктер асыға күтуде.