Жарнама
Инфрақұрылым

Биыл Индер ауданына қарасты 7 ауылда электр желісі жаңартылды

Индер ауданындағы 7 ауылдық округте 54 бағана мен 995 заманауи лед шамы орнатылып, 2000 метр электр желісі жүргізілді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

–Жасалған жұмыстың нәтижесінде Өрлік, Бөдене, Көктоғай, Елтай ауылдық округіне қарасты Аққала ауылында, Жарсуат ауылындағы Құрылыс, Қызылжар, Ақтан елді мекенінде көше жарығы мәселесі толықтай шешілді. Келер жылы Көктоғай ауылдық округінің 14 көшесіне заманауи ақылды шамдар орнатуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ Жарсуат ауылына лед шамдар және Индербор кентіне 20-ға жуық бағана орнатылады, — деді Индер ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button