Жарнама
Инфрақұрылым

Белгісіз адамдар асфальтты қырып, алып кетуде

Әлеуметтік желіде Атырау қаласындағы шағынаудандардың бірінде көше бойына төселген жаяу жүргіншілер жолының асфальтын белгісіз адамдар қырып, алып кетіп жатқаны туралы аудиожазба тарап кетті.

Атырау қаласы әкімдігі бұл мәселеге байланысты былайша түсінік берді.
-Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен Ақсай-2 шағынауданының көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын «Атыраукөлік» ЖШС салған болатын. Алайда құрылысы барысын қараған техникалық қадағалаушылар бұл жолдардың қисық төселген, төмен түскен және жобаға сәйкес келмейтін жерін қайта жасау туралы ескертпе берді. Аталған кемшіліктер қалыпқа келтірілген соң ғана жергілікті әкімдік өз балансына қабылдап, қаржысын аударады. Сондықтан қазір салынған жолдарды түзету жұмыстары жүріп жатыр, — дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілі.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button