
Азаттық даңғылындағы жол-құрылыс жұмыстары қашан аяқталады?
Атырау қаласында көлік қозғалысы үшін маңызды саналатын Азаттық даңғылы бойында жол-құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қазір уақытша жабылған учаскеде соңғы кезең – тығыздалған ірі түйірлі асфальтбетон төсеу жұмыстары атқарылып жатыр.

Атырау қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жөндеу жұмыстарын «Достық СпецТранс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Бұл мердігер мекеме жол төсемесін жаңарту бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеуде.
Жуырда даңғыл бойындағы жабық бөліктегі асфальттау жұмыстары аяқталып, қайта пайдалануға берілді. Ал қалған құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасады.

Қалалық әкімдік жол қозғалысының қауіпсіздігі мен сапалы инфрақұрылым қалыптастыруды басты мақсат ретінде атап өтті. Осыған байланысты әкімдік өкілдері қала тұрғындары мен көлік жүргізушілерінен уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ