Жарнама
Инфрақұрылым

Атырауда жолдар неге жылда жөнделеді?

Республикалық маңызға ие 23 жол учаскесіне 217 рет тексеріп, жол төсеуге пайдаланылған құрылыс материалдарынан 735 сынама алынған. Керн кесіндісін алу кезінде республикалық маңыздағы жол құрылысына пайдаланылып жатқан қиыршықтас, асфальтты бетон жабындысы секілді материалдардың 22 пайызының республикалық стандартқа сәйкес еместігі белгілі болды. Соған қарамастан әлі күнге дейін анықталған ақаулардың 14 пайызы жойылмапты. Осыған байланысты тапсырыс берушілерге бірнеше мәрте хат жолданған.

Ал, облыстық жəне аудандық маңызы бар жолдарға жүргізілген 310 тексерудің барысында материалдардан 1195 сынама алынған. Соның 37 пайызының талапқа сай келмейтіні анықталса бұл кемшіліктер де әлі толықтай жойылмаған. Анықталған басты кемшіліктер – асфальтты бетон жабындысының суға қанығу және тығыздық коэффициенттерінің стандартқа сәйкес келмеуі.

Филиал директоры Дархан Серікұлының айтуынша, жергілікті маңыздағы жолға қарағанда республикалық дәрежедегі тасжолды күтіп-ұстау жұмысы қарқынды.

– 2023 жылы ұлттық сапа орталығының Атырау филиалы үшін жаңа заманауи ғимарат салынды. 500 шаршы метрден асатын ғимаратта заманауи жол зертханасы жұмыс жасайды. Жол жабындысы мен таңбасын, жол белгілерін тексеретін құрал-жабдықтар, республикалық тас жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарымен айналысатын «КАЖ Сервис» ЖШС-іне қыс бойы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңадан 15 техника алынды. Олар жолдағы қарды тазалап, көктайғақ кезінде инертті материалдар себуге пайдаланылады, — деді Дархан Серікұлы.

Құрылғанына төрт жыл толған сапа орталығы автокөлік жолын салу, қайта жаңарту, орташа және күнделікті жөндеу, күтіп-ұстау кезіндегі жұмыстарға және материалдардың сапасына сараптама жүргізеді. Орталық республикалық маңызы бар жолдардан бөлек, жергілікті деңгейдегі жолдардың сапасын да тексеру құқығына ие.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button