Инфрақұрылым
Атырауда үш күннен бері су жоқ: Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Нұрсая ықшамауданындағы кәріз-сорғы стансасында апат болды. «Атырау облысы Су арнасы» КМК апаттық бригадалары апат салдарын жою жұмысын жүргізуде, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Коммуникациялардың шамадан тыс жүктелуіне және қарқынды жауын-шашынға байланысты оқиғаның себебін анықтау мүмкін болмады, сондықтан «Нұрсая» ықшамауданында су беруді уақытша шектеу туралы шешім қабылданды. Сумен қамту кестеге сәйкес жүргізілді.
Апат себебі бүгін анықталып, қазір жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Жақын арада сумен толық қамтамасыз ету және дренаж жүйесін қалпына келтіру күтілуде.