
Инфрақұрылым
Атырауда газ тарату станциясының құрылысы жүріп жатыр
Атырау қаласының оң жағалауында газ тапшылығын жою мақсатында 2024 жылдан бастап сағатына 120 мың м³ автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы басталды.
Жобада 46 шақырымдық магистралды газ құбыры көзделсе, 24 шақырым газ құбыры жүргізілген.
Аталған жобаның жүзеге асырылуы Атырау қаласының оң жағалауындағы тұрғындар мен кәсіпорындарды тұрақты газбен қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаның толық аяқталуы биылға жоспарланған.
Алмас ҚАБДОЛОВ