Жарнама
Инфрақұрылым

Атырауда электр желілері жаңартылады

Келер жылы Атырауда 175 шақырымға жуық электр желісі жаңартылады

Атырау қаласының кейбір аумақтарында соңғы күндері электр энергиясының ажыратылуы тіркелді. Бұл туралы облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

2025 жылғы 11-ші және 13 шілде күндері сол жағалаудағы бірқатар аудандағы 35/110 кВ кернеулі электр желілерінде жарық өшіп, жағдай «KEGOC» АҚ-на тиесілі 220 кВ әуе желісі арқылы Маңғыстау облысына бағытталған электр ағынының шамадан тыс артуы және арнайы автоматты жүктемені ажырату жүйесінің (САОН) іске қосылуымен байланыстырылды.

  • Маңғыстауда болған апаттық жағдайды жөндеу жұмыстарын бітіріп, бүгін кешке дейін станцияны толық орнына келтіреміз деп айтқан. Сол себепті осылай ажыратылды. Сонымен қатар қалада да тұрғындардың өздері байқағандай, кей кабель желілері істен шығып жатыр. Ондай кезде апаттық қалпына келтіру шараларын «Атырау Жарық» жүргізіп жатырмыз. Әкімдікпен бірлесіп үлкен жұмыстар атқарылуда. Қазір 32 шақырым жер асты кабель желілері ауыстырылды,- деді «Атырау Жарық» ЖШС директоры Мейірбек Ғұбашев.

Биыл қала әкімдігінің тапсырысы бойынша қосымша 66 шақырым желі жаңартылып жатыр. Ал 2025-2026 жылдары тағы 100 шақырымды ауыстыру жоспарда бар. «Атырау Жарық» мекемесі өз балансына тиесілі желілер бойынша 75 шақырымдық қауіпсіз қаптамамен жабылған электр сымын жаңартуды көздеп отыр. Сонымен қатар биыл 36 қосалқы станцияны толық жаңарту жоспарланған. Бұл да жарықтың уақытша өшуіне себеп болатын ауқымды жұмыстардың бірі.

Жүргізіліп жатқан жаңғырту шаралары өз нәтижесін бере бастады: соңғы бір жылдың ішінде апаттық жағдайлар 46 пайызға азайған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button