Жарнама
Инфрақұрылым

Атырау қаласында жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Атырау қаласында көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және жол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында шұңқырларды бітеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

img 0382
Screenshot

Жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстарының жалпы көлемі 50 мың шаршы метрді құрайды. Қазір 20 мың шаршы метрге жуық аумақта жолдарға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Бұл жұмыстар “Самал”, “Береке” шағынаудандарын және қаладағы бірқатар көшені қамтыды.

Бүгінде Зейнолла Қабдоллов даңғылында шұңқырларды қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, жолдарды жөндеу кезең-кезеңімен қаланың өзге аумақтарында да жалғасын табады.

“Ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аумақтарда уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілерден түсіністік танытуды сұраймыз”, – делінген әкімдік хабарламасында.

Атырау қалалық әкімдігі жол сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button