Жарнама
Инфрақұрылым

«Атырау–Орал» тас жолы жабылады

Ертең, 3 шілде күні «Атырау-Орал» тас жолы жөндеуге жабылады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өкілдерінің айтуынша, ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 3 шілде күні сағат 08:00-ден бастап республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы-Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады. Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Айта кету керек, жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет-Х.Ерғалиев-Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button