Жарнама
ИнфрақұрылымЖаңалықтар

Атырау облысында тағы көпір салынады

           

Атырау облысы Миялы ауылында көпір салынады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Биыл наурыз айында Ақтөбе облысының аумағынан басталатын Ойыл өзені арнасынан асып Қызылқоға ауданының орталығы Миялы ауылын су басу қаупі туған еді. Елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Миялы мен Жангелдин ауылдарының арасындағы жол учаскесі жырылған болатын. Содан соң өзен суының деңгейі төмендеп, аудандағы барлық қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшіліктер ұйымдастырылды. 

            Аудан әкімдігі тарапынан жырылған тасжолға көпір салу туралы ұсыныс беріліп, ол аудан тұрғындарынан қолдау тапты.

            Ұсыныс облыс әкімдігі тарапынан келісіліп келесі аптада көпір құрылысының жұмысы басталып, келесі жылы аяқталады деп күтіліп отыр. Нақты қай уақытта пайдалануға берілетіндігі белгісіз. Бұл туралы аудандық аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Кенжебек Камаладенов айтты.

aaa

            – Қазіргі уақытта «Миялы-Жангелдин» бағытындағы жырылған тас жолға көпір салу  бойынша жердегі судың құрылыс жүргізуге қолайсыздық туғызуына байланысты алдымен құрғату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, құрылыс алаңына «Атырауинжстрой» мердігер мекемесі топырақ төгу жұмыстарын жүргізуді қолға алды, — деді Кенжебек Камаладенұлы.

            Тасжол жырылған кезде аудан орталығынан Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Жамбыл, Қызылқоға ауылдық округтеріне көлік қатынасы тоқтап қалатын.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button