Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Атырауда үш үйдің кілтін тапсырды (+ ФОТО)

5 2 750x450 1 Қоғам

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Атырау облысына жасаған сапарында үш отбасыға үш үйдің кілтін табыстады.

Бұл жолғы баспана діни салада белсенді қызмет етіп, нәтижелі жұмыс істеп жүрген жас дін қызметкерлеріне бұйырды.

Салтанатты игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Діни басқарма жас ұстаздар мен имамдарға өз мүмкіндігі аясында барынша қолдау көрсетіп келеді. Жаратушы Жаббар Иеміз жаңа үйлеріңізге жақсылығын жаудырсын. Сіздерді діни салада белсенді қызмет етуге шақырамын. Алла осы шаңырақтың ішін жанға, сыртын малға толтырғай. Әмин» деді.

Айта кетсек, «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында берілген 453, 454, 455-баспана кілті жас ұстаздар мен имамдарға табысталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз