Аз да болса, көп көмек

Az da bolsa k p k mek Қоғам

Рамазан – кешірім, мейірім мен қайырым айы. Ізгі амалдар да осы айда жүзеге асырылады, адамдар біріне бірі  жақсылық жасауға, қуаныш сыйлауға асығады.

Аз да болса, көп көмек

Осындай мақсатта Балықшы ауылдық округіне қарасты Ақжайық елді мекенінде орналасқан Марат Отаралиев атындағы орта мектепте қайырымдылық шарасы өтті. Оған ұйытқы болған облыстық мүгедектер қоғамының Балықшы аймақтық ұйымы.

– Мұсылман қауымы үшін қасиетті де шарапаты мол айлардың бірі саналатын осынау Рамазан айында өзіміздің қолымыздан келмесе де ұйымымызға мүше мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созып, көмек көрсету мақсатында Атырау жерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік және отандық мұнай компаниялары мен шағын және орта кәсіп иелеріне хат жазып, ұсынысымызды  жолдағанбыз.  Бұл ойымызды құптап, қолдау білдірген алғашқылардың қатарында бүгін біздің  ортамызға келіп отырған «С.С.С» компаниясы өкілдерін айтуға болар еді. Олар аумаққа қарасты ауылдық округтерден көмекке мұқтаждардың тізіміне енгізілген 75 мүгедектің әрқайсысына құны 15 мың теңгелік сертификат ала келіпті, – дейді ұйым жетекшісі Әмина Нысанғалиева.  – Қоғамның есебінде барлығы 1512 мүгедек болса, олардың 336-сы балалар, яғни, мектеп жасындағы жеткіншектер. Мұндай шаралардың алға қарай жалғасатынына сенімдімін.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз