Жарнама
Ғибрат

Ұрпаққа жалғасқан ұлттық өнер

Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Әкелер күніне орай “Ұрпаққа жалғасқан өнер” атты отбасылық кездесу кеші өтті.

6622cf82 7def 4752 9b7f 0e4e1d64c8e1

Іс-шараны музейдің этнография және табиғат ғылыми-зерттеу бөлімі ұйымдастырды. Мақсат – қазақтың ұлы өнерін дәріптеу, ұлттық аспап жасаудың сырын бүгінгі жас буынға үйрету.

Кештің құрметті қонағы – Бисенбаевтар әулеті. Бұл отбасының өнері – ұрпақ сабақтастығы мен ата кәсіпке деген адалдықтың жарқын үлгісі. Кездесу барысында домбыра жасаудың қыр-сыры кеңінен таныстырылып, шеберлер өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараға қатысқан тарих мамандығының студенттері шеберлерге көкейлеріндегі сауалдарын қойып, тұшымды жауап алды.

Кешке қатысқан күйші-домбырашы Шәрипа Жәменова Атырауда сапалы домбыра табудың қиын екенін айтып, Бисенбаевтар әулетінің қолөнеріне жоғары баға берді.

– Көбіне Астана мен Алматыдан тапсырыспен алдыруға тура келеді. Ал бүгін осы әулеттің туындыларын көріп, өзім де тапсырыс бергім келіп отыр, – деді ол.

Домбыра жасаушы шебер Нұрлыбек Тұрланұлы бұл өнерді 2016 жылдан бері қолға алғанын айтты.

– Домбыра жасау – үлкен жауапкершілік жүктейтін іс. Қолданылатын ағаштың түріне қарай домбыра бағасы 40 мыңнан 450 мың теңгеге дейін барады. Қазір батыс өңірінің белгілі күйшілері Жәнібек Жәмиұлы мен Нұржан Тәжігенов арнайы тапсырыс берді, – дейді ол.

Кеш соңында отбасының үшінші буынының өкілі – Абдул-Азиз көрермендерге арнап күй орындап, рухты кешке ұлттық леп сыйлады.

Аружан МАКСИМОВА,

студент

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button