Жарнама
Ғибрат

Ұрпаққа үлгі өмір жолы

Атырау облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен “Ұрпаққа үлгі өмір жолы” атты қоғам қайраткері Мадина Ғабдісәлімовамен кездесу кеші өтті.

5ded4ffc d0e7 47bd 9249 3b32b5649f57

Кеш кейіпкері саналы ғұмырын мемлекеттік қызмет саласына арнаған, «Парасат» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы», қоғам қайраткері Мәдина Ғабдісәлімова өмір жолы мен өзіне алналған “Ақ ерке Ақ Жайық”, “Жайық қызы” әндерінің тарихына тоқталды. Әрі қарай еселі еңбек еткен тұлғалар туралы естеліктерін айтып, өзі еңбек еткен тұстағы естеліктерімен бөлісті. Ал, әріптес сіңлісі Рәшиля Мүрсалиева мерейтой иесінің қажырлы еңбегі мен азаматтық тұлғасына турасында кеңінен әңгімеледі.

c57e1f0e 6cf2 4122 8eaa 536add0ec7d9

Торқалы тоқсан жасқа толған қоғам қайраткерімен кездесуде студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ойларын да ортаға салды.

f112a1d5 1a12 4143 953d 64cfb0559bd1

Рита ЖАЙҒАЛИҚЫЗЫ

Суреттерді түсірген Әнуар ӘБІЛҒАЗИЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button