Жарнама
Ғибрат

Ғибратты ғұмыр иесіне құрмет көрсетілді

Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев 1 наурыз – Алғыс айту күні мен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында мерейлі 90 жасқа толған ардагер ұстаз Нұрбетай Жұмабаеваның үйіне арнайы барып, құрмет көрсетті.

Ғибратты ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған ардагер ұстаздың еңбегі – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал ұлағатты өмір жолы – зор мақтаныш. Кездесу барысында аудан әкімі мерейтой иесінің ел игілігіне қосқан сүбелі үлесін атап өтіп, қоғамға сіңірген еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

Өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған парасатты жан өз естеліктерімен бөлісіп, жастарға тағылымды өсиет айтты. Жылы жүздесу барысында ғалым да, шахтер да бас иген ұстазға қашан да құрмет көрсету ұрпаққа аманат екені атап айтылып, ақжарма тілектер білдірілді.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button