Жарнама
Газет жылнамасы

Ел ардақтысы – «Атыраудың» жанашыры!

Облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің шынайы жанашырлары қай дәуірде де бар. Бүгінде газетке тұрақты түрде көмектесіп, демеушілік танытып, басылым оқырмандары қатарының артуына белсенді атсалысып жүрген азаматтардың бірі де бірегейі ретінде полиция генерал-майоры, Атырау облысының Құрметті азаматы Қайырғали Мырзабаевтың есімін атар едік.

Бүгінде «ММ-Секьюрити» ЖШС басшысының кеңесшісі болып істейтін Қайырғали Жұмабайұлы былтыр баспасөзге жазылу науқанында «Атырау» қоғамдық-саяси газетіне демеушілік көрсеткен болатын. Биыл да сол қалпынан жаңылған жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандарды өңірдің бас басылымына жаздыру үшін 525 000 теңге бөлінуіне ықпал етіп, үлкен жомарттық жасады!

Қатардағы жедел уәкілден еңбек жолын бастап, кейін кәнігі маман, өз ісінің майталманы атанған Қайырғали ағамыз Атырау, Павлодар, Маңғыстау облыстарының Ішкі істер басқармаларының бастығы қызметтерін атқарғанын көзіқарақты оқырмандарымыз жақсы біледі деп есептейміз. Құрметті еңбек демалысына шыққан соң да қол қусырып қарап отырған жоқ. Ізбасар әріптестеріне үлгі-өнеге боларлықтай игілікті ісін жалғастырып, тәжірибесімен бөлісіп келеді.

Облыстың бас газетіне қолдау білдіріп, демеушілік танытқаны үшін оқырмандар атынан «Атыраудың» жанашырына алғыс білдіреміз. Мәртебеңіз асқақтай берсін, құрметті Қайреке!

Газет редакциясы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button