Жарнама
Газет жылнамасы

Бүгін – біздің туған күніміз. 102 жасқа толдық!..

1923 жылы дәл осы күні Гурьев қаласындағы (ескі қала бөлігі) көпес Хохлачевтің үйінде «Ерік» газетінің тұңғыш саны 500 данамен жарық көрді. Орал қаласынан жеткізілген баспаханамен басылған газеттің содан бері өмірі тоқтап көрген жоқ. Аптасына бес рет, үш рет, екі рет шыққан газет қазір 24 бетпен D-2 форматында әр бейсенбі сайын оқырманмен қауышып келеді. Анау бір жылдары таралым саны 30 мыңға да жетті…

Бұл – тарих, тұтас өңірдің жылнамасы. Газет қой деп мұрын шүйіре қарайтын бүгінгі заманның адамдары енді бір 10-15 жылдан кейін іздегенін архивтегі шаң басқан газет тігінділерінен табатынын ойламайтын секілді.

Алайда біз ешқашан тынбаймыз, үнемі сергек оймен, серпінді жобаларды жүзеге асыруға өзіндік үлесімізді қоса береміз. Өйткені, қазақ журналистикасының негізін қалаушы Тауман Амандосов, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы Зейнолла Қабдолов, Қазақ заң ғылымының негізін қалаушы Салық Зиманов, қазақ мұнай өнеркәсібінің абызы Сафи Өтебаев, физика ғылымын қазақ тілінде кәсіби негіздеген Ғаділше Аяпбергеновтер туған топырақта әлі де небір мықтылар өмірге келетінін, даңқты еңбек қаһармандары қалыптасатынын әркез естен шығармайды. Үнемі ізденіс үстінде.

Жасай бер, «Атырау»!
Дүние тұрғанша тұрғайсың!

Барша ардагерлер мен редакцияның бұрынғы және қазіргі қызметкерлерін бүгінгі атаулы күнмен құттықтаймыз!
Отбасы амандығы мен шаңырақ шаттығын, бақ пен береке, бастысы – деннің саулығы мен ұзақ ғұмыр тілейміз. Шығармашылықтың шыңынан көріне бергейсіздер!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button