«Атырау-Ақпарат» ЖШС ғимараты уақытша өзгерді
Құрметті оқырмандар!
Облыстағы бірден-бір медиахолдинг – «Атырау-Ақпарат» ЖШС 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазіргі елдің басқа өңірлерінде құрылған медиасеріктестіктердің барлығына үлгі болған осы «Атырау-Ақпарат». Дегенмен, түрлі себептерге байланысты медиахолдингтің ғимаратына 2003 жылы
пайдалануға берілгеннен бері ешқашан жөндеу жасалмаған. Соған орай, Атырау облысының əкімі Серік Шəпкеновтің тікелей қадағалауымен ғимаратқа жөндеу жасау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер анықталып, жақын күндері Атырау қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29а мекен-жайы бойынша Жайық жағалауындағы еңселі ғимаратта толықтай қайта жаңғырту жұмыстары басталмақшы. Сол себепті, «Атырау-Ақпарат» ЖШС қазір Ө.Атамбаев көшесі, 7г мекен-жайына уақытша қоныс аударуда. Бұл – Азаттық көшесімен бұрынғы химия зауыты бағытындағы теміржол өткелінен өткенде оң жақтағы екі қабатты ғимарат. Қазір холдинг əкімшілігі мен оған қарасты бөлімдер, облыстық «Атырау» жəне «Прикаспийская коммуна» газеттерінің редакциялары осы ғимаратқа орналасты. Ғимаратты көшіру барысындағы уақытша туындаған техникалық қолайсыздықтарға байланысты облыстық газеттердің 25 шілдедегі №30 саны 12 бетпен шығатынын қаперлеріңізге береміз. Оқырмандар мен медиахолдингтің сенімді серіктестерінің бұған түсіністікпен қарауын сұраймыз.
Сіздермен əріптестік қарым-қатынас ешқашан тоқтамайды.
Құрметпен, «Атырау-Ақпарат» ЖШС əкімшілігі
Құрметті оқырман!
«Атырау-Ақпарат» ЖШС, облыстық «Атырау» жəне «Прикаспийская коммуна» газеттерінің мекен-жайы
негізгі ғимаратта қайта жаңғырту жүргізілуіне байланысты уақытша өзгеретінін қаперіңізге береміз:
Атырау қаласы, Ө.Атамбаев көшесі, 7г