Жарнама

Газет тарихы

1923 жылғы 1 сәуір – РК(б)П Гурьев уездік комитеті бюросының 1923 жылғы 23 наурыздағы мәжілісінің хаттамасына сәйкес «Ерік» газеті жарыққа шықты. Бірінші беттің бас жағында «Бүтін жер жүзі еңбекшілері, бірігіңдер!», «Пролетарий всех стран, соединяйтесь!» деген ұран тұрды. «Гурьев уездік ортақшыл табы мен уисполкомның қазақ тілінде жұмасына бір шығатын «Ерік» газетасы. Жазылу бәсі бір айға 6 сом, үш айға 18 сом, жекелеп 1 сом 50 тиын (1923 ж. есеппен). Киргизский орган Гурьевского укома РКП(б) и Гурисполкома, газета «ЭРК» (Свобода), адрес: г.Гурьев, уком РКП(б) Номер 1. Жексенбі, 1 сәуір, 1923 жыл, №1, Воскресенье, 1 апреля, 1923 года» деп жазылған.

Онда упарткомның бірінші хатшысы Т.Өтеулиевтің «Тірлік осымен басталады» деген бас мақаласы, М.Кариевтің «Ерікке», Ш.Аралованың «Құтты болсын» деген лебіздері, «Еңбекшілер ұраны» («Интернационалдың» қазақшасы), М.Шөкеевтің «Қазақтың шаруа жайынан», Арсылановтың «Мәңгілік белгі», Дүйсеновтің «Ескіні ұмытпаған мұғалім» деген мақалалары берілген.

Міндетті басқарушы (ответ.редактор) Төлепкерей Өтеулиев, басқарушы (редактор) Лұтфолла Аралов, тиражы 500 дана. Алғашқы әріп теріп, бет құрған Хұсайынов деген татар азаматы. Баспахана «көпес Хохлачевтің үйінде» орналасқан.

Газет атаулары:

— 1.04.1923 ж. – «Ерік» (уездік маңызға ие);

— 28.08.1924 ж. – «Жұмыскер тілі» (уездік, округтік маңызға ие);

— 04.01.1930 ж. – «Жұмысшы тілі» (Гурьев округінің органы);

— 15.04.1932 ж. – «Ленин жолы» (Гурьев ауданының органы);

— 15.09.1933 ж. – «Социалды құрылысқа» (округтік маңызға ие);

— 5.11.1933 ж. – «Социалды құрылыс» (округтік маңызға ие);

— 1935 ж. – «Социалистік құрылыс» (15.01.1938 ж. – облыстық маңызға ие);

— 1.05.1963 ж. – «Коммунистік еңбек»;

— 30.06.1990 ж. – «Атырау».

Газет атауы 2018 жылғы 20 наурыздан бері латын қарпімен жазыла бастады.

— 25.12.1931-06.1933 ж.ж. – «Жем жұмысшылары» (Орал-Ембі ауданының органы);

Бас редакторлар:

— 1923 – ӨТЕУЛИЕВ Төлепкерей Бисұлтанұлы;

— 1923 – МӘМБЕТОВ Сейітмұхамед Есімұлы;

— 1924-1925 – ЖАҚЫПОВ Серікқали;

— 1924 – ЗҰЛҚАЙЫРОВ З. (м.а.)

— 1925-1926 – МАХАМБЕТОВ Ғатау;

— 1928-1929 – ЖАНШОРИН Кәрім Сүлейменұлы;

— … – ТОҚМАҒАМБЕТОВ Асқар;

— … – ӨТЕПОВ Құлмырза,

— 1933-1934 – СЫЗДЫҚОВ Зайтүн;

— 1934-1937 – ҚОЖАХМЕТОВ Шияп;

— 1937-1941 – ТӨЛЕБАЕВ Сағат;

— 1941-1947 – САУЫРҒАЛИЕВ Сүлеймен;

— 1947-1953 – БАЙТҰРСЫНОВ Мәди;

— 1953-1957 – ҚҰРМАНАЕВ Абдолла;

— 1957-1958 – ОМАРОВ Боранбай;

— 1958-1963 – НҰРМҰХАМЕДОВ Хабир;

— 1963-1976 – БИСЕКЕНОВ Түсіп;

— 1976-1978 – ЖАУЫРҰЛЫ Теңдік;

— 1978-1987 – КЕНЖЕҒАЛИЕВ Құмар;

— 1987-1995 – ЖАУЫРҰЛЫ Теңдік;

— 1995-2002 – ҚУАНЫШБАЕВ Қилыбай Шахатұлы;

— 2002-2010 – ҚАБЫЛОВ Нұрлан Достанұлы;

— 2010-2020 – БАЛМАҒАМБЕТОВ Исатай Құндызбайұлы;

— 2020 ж. – ҚОСШИЕВ Назарбек Төлеуішұлы.

Газет қосымшалары:

— 08.1924-1926 – «Жұмыскер жас» жастар бетше-газеті (айына 2 рет);

— 1930 ж.ж. – «Путина» балық шаруашылығына арналған қосымша;

— 1990-1992, 1996-2001 – «Атырау» газетінің «Атамекен» әдеби-тарихи серігі.

Газеттің марапаттары:

— 1940 ж. – Халық шаруашылығы жетістіктері Көрмесінің жүлдесі;

— 1973 ж. – «Құрмет белгісі» ордені;

— 1983 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасы;

— 1990 ж. – КСРО Журналистер Одағының Мария Ульянова атындағы сыйлығы;

— 2021 ж. – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Аманат» сыйлығы.

Газеттің басты үштағаны:

— Оқырмандар;

— Белсенді авторлар;

— Тілшілер корпусы.

Меншік иесі:

— 2001 ж. – «Атырау-Ақпарат» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны (кейін – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Басылым «Құрмет белгісі» орденімен, республикалық «Аманат» сыйлығымен марапатталған

Back to top button