Жарнама
Экология

«Жасыл экономикаға» қашан көшеміз?

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен ҮЕҰ өкілдері мен қоғам белсенділерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Зиянды шығарындылардың ауаға таралуын азайту, кәсіпорындарда ең үздік қолжетімді техникаларды енгізу және орнықты даму туралы есептілік (ESG) бойынша нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы қаралды.
«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елімізде экологиялық жаңарудың ауқымды іс-шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуымыз керек. «Жасыл» экономикаға көшу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін озық технологияларды енгізуді ескере отырып, өнеркәсіп секторын жаңғыртуды жандандыру қажет. Басым бағыттардың бірі – атмосфераға шығарындылар мен парниктік газдарды қысқарту, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігін арттыру», —
деп атап өтті Олжас Бектенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button