Жарнама
Экология

Теңіз жануарының қырылуы экожүйедегі дағдарысты көрсетеді

Соңғы бір жарым жылдың ішінде Каспий теңізінің Маңғыстау облысы аумағындағы жағалауынан 290-ға жуық итбалықтың өлексесі табылған. Бұл туралы республика Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Мұндай жағдайдың орын алуына не себеп?

Осыған орай түсінік берген Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашевтің айтуынша, 2025 жылдың қаңтарынан 2026 жылдың тамызына дейінгі аралықта жүргізілген мониторинг барысында Каспий теңізінің Маңғыстау облысына тиесілі жағалауларынан барлығы 286 итбалықтың өлексесі табылған. Жануарлардың денесі қатты ыдырап кеткендіктен, зертханалық сынама алу мүмкін болмаған.

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өлекселер жиналып, санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы полигонда өртеу арқылы жойылған.

– Бұдан бөлек, өткен жылдың 4–6 наурыз күндері Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының мамандары Түпқараған ауданына қарасты Қаражанбас, Қаламқас кен орындары маңынан адасып жүрген 40-қа тарта тірі итбалық күшігін көлікпен тасымалдап, Каспий теңізіне қайта жіберді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады, – деп түйіндеді сөзін инспекция өкілі.

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: kazinform.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button