Тазалық «ТАЗА ЖАҒАЛАУДАН» басталады
«КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚАБЫЛДАҒАН ӨНДІРІСТІК МІНДЕТТЕМЕСІН ӨЗ ДӘРЕЖЕСІНДЕ, ТИЯНАҚТЫ ЕТІП ОРЫНДАУМЕН ҚАТАР ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРГЕ ДЕ АЙРЫҚША НАЗАР АУДАРЫП, ТҮРЛІ БАҒЫТТАҒЫ ЖОБАЛАРҒА ҚАТЫСЫП, ӨЗІНДІК ҮЛЕСІН ҚОСЫП КЕЛЕДІ. СОНЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ РЕТІНДЕ КОМПАНИЯ СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ «ТАЗА ЖАҒАЛАУ» АКЦИЯСЫН ӨТКІЗУДІ ДӘСТҮРГЕ АЙНАЛДЫРҒАН.
–Табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, өңірдің өнеркəсіптік қауіпсіздігінің сақталуына атсалысу – біздің компанияның басымдық берілген бағыттарының бірі болып табылады. Міне, осы тұрғыда қолға алынған «Таза жағалау» акциясын биыл төртінші мəрте ұйымдастырып, өткізіп отырмыз. Бұған дейін Махамбет ауданының Талдыкөл ауылы тұсында, сондай-ақ, қала аумағына кіретін екі учаскеде осындай жұмыстарды жүргіздік. Басты мақсат – Жайық өзенінің жағалауында, соның ішінде адамдардың демалып, тынығатын орындарында тазалық жұмыстарын жүргізіп, санитарлық тəртіп пен талаптың орындалуын қамтамасыз ету. Осылайша, ұжым мүшелерін ғана емес, жалпы тұрғындарды табиғатты аялай білуге тəрбиелеп, экологиялық мəдениетті қалыптастыру, соңы өкінішті жағдайға ұрындыруы, күтпеген жерден бақытсыздыққа душар етуі ықтимал тілсіз жау – өрт қауіпсіздігін сақтауға үйрету немесе ескерту. Акцияға компания қызметкерлері мен олардың отбасылары қатысуда. Ең маңыздысы – мұндай шаралардың ұжымның ынтымақ-бірлігін, бір салада еңбек ететін, мақсат-мүддесі бір əріпестердің өзара байланысы мен достығын нығайтуға да тигізетін септігі мол, ықпалы зор. Сондықтан игі бастамамыздың алға қарай да жалғасын табатынына сенімдімін, — дейді «Каспий құбыр консорциумы» АҚ-ның Шығыс аймақтық менеджері Мұхит Маженов.
« Та з а ж а ғ а л ау » а к ц и я с ы ж ы л ы н а екі мəрте, көктемде жəне күзде өткізіледі. Тазалық жұмыстары тиісінше қала жəне аудан əкімдіктерінің рұқсатымен белгіленіп, бекітілген жерлерде жүргізіледі. Компания басшылығының арнайы бұйрығымен сенбілікке қатысушыларды апарып-алып келетін, жинақталған қалдыққоқыстарды тасымалдайтын көліктер, басқа да қажетті нəрселер бөлінеді. Табиғат аясында жұмыс жасаған кезде қауіпсіздік қағидалары мен ережелерінің қатаң сақталуына айрықша назар аударылады. Ал, консорциумның еңбек қорғау жəне өнеркəсіптік қауіпсіздік жөніндегі аға инженері Илья Сүлейменовтің айтуынша, қызметкерлердің күнделікті жұмыс барысында ғана емес, демалыс сəттерін де бірге өткізіп, сенбіліктерге қатысып, қоршаған ортаның тазалығына үлес қосуы өзгелер үлгі аларлық, өнеге боларлық үрдіс. Осыны көздерімен көрген балаларымыздың да бұдан тəлім мен тағылым алып, болашақта оны жалғастыратыны кəміл.
– Біздің көздегеніміз – өзімізді насихаттап, дəріптеу емес, керісінше, игілікті бастама мен ізгілікті істің жалғасын табуына септесу. Адамдардың санасында туған табиғатқа деген қамқор көзқарас таныту. Осы ретте бүгін өткізіліп отырған «Таза жағалау» акциясы құптауға тұрарлық қадам. Осыған үн қосып, ауызбірлік танытып, «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығара білген ұжымдастарымыздың баршасына айтар алғысымыз, білдірер ризашылығымыз шексіз, — деп түйіндеді ойын ол.
Есен Күлшетов, еңбек қорғау, өнеркəсіптік қауіпсіздік жəне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші инженері – Табиғаттың байлығын пайдаланумен бірге оны көздің қарашығындай сақтау, қамқорлықпен қарап, қорын молайтуға мүдделі болу – əрқайсымыздың міндетімізге, азаматтық парызымызға, адами борышымызға айналғаны абзал. Соның өзі бастауын қарапайым қағидаларды ұстанып, ережелерді ескеріп жүруден, тіршілік етіп жатқан жерімізді, серуенсейіл құрған орнымызда қоқыс қалдырмай, тазалап тұру секілді ешқандай қиындығы жоқ, ауыртпалық түсірмейтін қарекеттерден тұрады. Қай мезгілде де осыны ескеріп, жадымызда сақтай білсек, бəрі де дұрыс болады, деп ойлаймын. Ал, «Таза жағалау» осыған айқын мысал, жария етерлік іс десек, артық айтқандық емес. Иə, консорциумның қолға алған бұл ісі шынымен де көпке үлгі болғандай.
Дəулетқали АРУЕВ
суреттерді түсірген автор
PR