
«Таза жағалау» – тазалықтың кепілі
Ата Заңның отыз жылдығына орай, Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының ұйымдастыруымен «Таза жағалау» атты экологиялық акция өтті.
– Елдік шараға инспекциядан – балық шаруашылығы, құқықтық-ұйымдастыру, Атырау, Махамбет, Дамбы, Теңіз балық инспекциясы бөлімдерінің мамандары және балық шаруашылығы субъектілері – «Тілекші», «Амангелді», «Восток», «СевКаспийФиш» ЖШС-терінің қызметкерлері қатысты. Барлығы 10 бірлік техника мен 50-ге жуық адам тартылды. Осынша күшпен Жайық өзені жағалауындағы бекітілген учаскелерден жалпы салмағы бір тоннадан астам (1 200 келі) тұрмыстық қатты қалдық пен қоқыс шығарылды, – дейді Жайық–Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының бас маманы Алмас Жұмашев.
Айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар алда да жалғаса беретін болады.
Дәулетқали АРУЕВ