Жарнама
Экология

«Таза жағалау» акциясы өтіп жатыр

Осындай атаумен облыс орталығымен қатар өңірдің барлық аудандарында сенбілік өтуде.
Мұндағы мақсаты — өзендер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстардан тазартуды көздейді.
Бұл бастама су ресурстарының экожүйелерін қалпына келтіруге және су объектілерінің тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен ластануын болдырмауға бағытталған.

Облыс орталығындағы тазалық шарасына қатысушылар «Авангард» шағынауданындағы Облыстық балалар ауруханасы тұсынан бастап Жайық өзенінің жағалауын қоқыстардан, үйілген қапшықтар мен жағадағы ағаш және артық шөптерден тазартуда.

Акцияға мемлекеттік мекеме өкілдері, тұрғындар, еріктілер, сонымен қатар, «АМӨЗ», «CASPIAN OFFSHORE CONSTRUCTION REALITY» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ және «Атырау жылу-электр орталығы» АҚ қызметкерлері белсенді қатысты.

Акцияға 1600-дей адам қатысы, 10 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Жиналған барлық қоқыстар «Арнайыавтобаза» ЖШС-нің қоқыс полигонына жіберілді.

Бұл іс-шаралар өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындар арасында экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға ықпал етпек.

Алмас ҚАБДОЛОВ


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button