Жарнама
Экология

«Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

Каспий Құбыр Консорциумының ұйымдастыруымен Жайық өзені жағалауында «Таза жағалау » экологиялық акциясы өтті. 

Акцияның мақсаты — өзен жағасын тазалау және санитарлық тәртіпті сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық танытуды дәріптеу. Акцияға КҚК қызметкерлерімен қатар  олардың отбасылары және Caspian news телеарнасының журналистері қатысты. 

«Таза жағалау» экологиялық акциясын ұйымдастыра отырып, біз Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Акция аясында өзен жағасын тазарту жұмыстары жүргізіледі және пластик, әйнек, қағаз және металл қоқыстарды бөліп жинау ұйымдастырылады. Біз барлық жиналған қоқысты арнайы қоқыс полигонына шығарамыз. Бұл акцияны біз алғаш рет өткен жылы өткізген болатынбыз, оның нәтижесінде 10 тонна түрлі қоқыс жинадық. Акция туған қаламызға пайдасын тигізді, сонымен қатар қатысушылар уақытты пайдалы әрі жанға жағымды етіп өткізді. Сондықтан біз бұл акцияны жыл сайын жаз маусымы аяқталған соң өткізуді жоспарлап отырмыз», — дейді компания өкілдері. 

 Қоршаған ортаны қорғау – КҚК қызметінің басымдықты міндеттерінің бірі. Компания Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты қатаң ұстанады. 

whatsapp image 2021 09 20 at 16.22.54 2
whatsapp image 2021 09 20 at 16.22.54

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button