
Экология
Таза Қазақстан: «Тазалық өзіңнен басталады»
«Спецавтобаза» ЖШС-да он төрт жылдық еңбек өтілі бар Мира Асанова қол астындағы 70-тен астам адаммен қала тазалығын сақтауға зор үлес қосып келеді, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
– Біздің жұмысымыз уақытқа қарамай, қысы-жазы әрекетті талап етеді. Қыста қар, күз-көктемде жаңбыр суынынан қала көшелерін тазартамыз. Адал еңбегімнің арқасында отбасымды да асырап келемін, - деді «Спецавтобаза» ЖШС участок басшысы Мира Асанова.

Сондай-ақ ол тұрғындарды қала көшелерінде тазалық сақтауға шақырады. Айтуынша, нағыз тазалық ластанбаған емес, тазаланбаған жерде болмақ.
Айта кетейік, облыс аумағында апта сайынғы сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында биыл 95 сенбілік өткізіліп, оған 57 мыңнан астам адам қатысқан. Мұндай шараларға арнайы 714 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 2274 тоннаға жуық қоқыс жиналып, полигонға шығарылды.