Жарнама
Экология

«Таза көше – таза қала» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Атырау қаласында аумақты абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруды мақсат еткен дәстүрлі «Таза көше – таза қала» байқауы өз мәресіне жетті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл шара қала тұрғындары арасында тазалық пен тәртіпке деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін де айқындай түседі.

bf1388c8 b2ed 4432 a191 30345fa23df3

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған биылғы байқауға 12 өтінім қабылданып, қатысушылар өз аулаларының, үйлерінің маңайы мен көшелерінің тазалығын сақтаудағы ең үздік тәжірибелерін көрсетті. Қатысушылардың әрқайсысы өз аумағын абаттандыруда шығармашылық ізденіс танытып, гүлзарлар отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, көршілерімен бірлесе еңбек етті.

1f517cbc 9d42 49e4 b4c1 8b71bd6016cf

Конкурс қорытындысы бойынша қала тұрғыны Светлана Арыстанова бірінші орынды жеңіп алды. Ал Жеміс Оспанованың ауласы екінші орынға лайық деп танылса, Шолпан Тоқсейітова үшінші орынға ие болды.

Аталған басқарма басшысының міндетін атқарушы Зарина Төребаева мен Атырау қалалық мәслихатының депутаты Мейрамгүл Есниязова жеңімпаздарға арнайы Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтарды табыс етті.

efe87b4c 3761 41dd 9c58 d7fa75aa287a

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқаудың басты мақсаты – тұрғындарды тазалыққа, ұқыптылыққа баулу, сондай-ақ әр азаматтың туған қаласының дамуына өз үлесін қосуға ынталандыру. Бұл бастама экологиялық мәдениетті нығайтып қана қоймай, жалпы қаланың сәнін кіргізуге де ықпал етеді.

— Таза әрі әдемі қала – баршамыздың ортақ үйіміз. Сондықтан әр тұрғын өзінің көшесіне, ауласына жауапкершілікпен қарауы керек. Осындай байқаулардың нәтижесінде тазалық мәдениеті қалыптасып, көршілер арасында ынтымақтастық та арта түседі, – дейді М.Есниязова.

Байқау алдағы уақытта да жалғасын табады. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыға белсенділік танытып, үлгі боларлық тазалық пен тәртіп көрсеткендері үшін алғыс білдіреді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button