Жарнама
Экология

Табиғи өрттің салдары

Қазіргі Атыраудағы жағдайдың себеп-салдарын ресми органдар анықтай жатар. Ал, эколог ретіндегі пікірім – мұның табиғи және антропогендік факторлары болуы мүмкін. Өрттің көпшілігі көктем мен күзде демалыс орындарында, әсіресе аң аулау маусымында болатынын жасырмау керек. Демалысқа шыққан адамдар от жағып, қоқыс жаққанда немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанда болатынын ескерген жөн.


Егер табиғи фактор болса, қамыс кез келген құрғақ өсімдік сияқты жанады, әсіресе құрғақ ауа райында және ыстықта бұл тез тұтанатын табиғи материал. Каспий теңізі жағалауындағы қамыс өсетін батпақты алқаптарды құрғату кезінде шымтезек өрттері болуы мүмкін. Өйткені, теңіз қамысы терең күйіп, тығыз түтін беретіндіктен, сөндіру қиын және бір айға дейін бықсып жана беруі мүмкін. Кейде шіріген қамыс қатты қызып, өздігінен тұтанады. Бір ескерерлігі, ондайда қою түтін мен шалқи жанған жалын көрінбейді, тек бықсып түтіндей береді. Оның үстіне жел күшейсе, өрт те қоюланып, өрши түседі.
Ал, антропогенді фактор адамның темекі тұқылын, шыны ыдыстарды қалдыру тәрізді абайсыз әрекеттерден туындайды. Экологиялық тұрғыдан қарағанда, қамыс өзінің тығыз және құрғақ құрылымына байланысты отты тез таратады. Одан басқа қауіп – ұзақ уақыт бойы өсімдік тамырынан бастап қызып, біртіндеп өртке ұласуы мүмкін. Өрттің бұл түрінде түтін ащы әрі қою болады, ол адамға да, жан-жануарға да қауіпті.
Сөйтіп, экожүйеге қауіп төндіріп, өсімдіктердің тіршілік ету ортасын жоюы да ғажап емес. Бұл популяциялардың азаюына әкелуі соқтыруы мүмкін. Тіпті, жердің құнарлы қабатына, флора мен фаунаға орасан зор зиян келтіреді.

Анар ТІЛЕПБЕРГЕНОВА,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
«Экология» кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button