
Экология
Табиғатты таза ұстау — ортақ міндет
“Ақжайық” резерватына келушілер алдымен қауіпсіздік ережелерімен таныстырылады. Бұл — әсіресе, белгіленген туристік бағыттар бойынша табиғат аясына саяхатқа шыққандар үшін аса маңызды әрі қажетті шара.

Мұнда келушілерге қосымша насихат жұмыстары да жүргізіледі. Бірінші кезекте қоршаған ортаны қорғауға және биоәртүрлілікті сақтауға ерекше назар аударылады.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында түрлі тазалық шараларын ұйымдастыру – берік дәстүрге айналған. Мұндай шараларға жергілікті тұрғындар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғам белсенділері белсене қатысады.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: “Ақжайық” МТР