
Табиғатқа қамқорлық — басты міндет
Ғылым апталығы аясында UTEBAYEV UNIVERSITY экологиялық акция өткізді. Бастама қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлық танытуға бағытталды.

Акцияға университет профессор-оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері белсенді қатысып, бірлескен күш-жігермен кампус аумағын тазартып, ағаш отырғызды.
С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті 2023 жылы білім, ғылым, ағарту және даму салаларында ұстануға міндеттенетін ESG (Environment, Social, Governance) тұрақты экологиялық даму жөніндегі жеке саясатын бекіткен болатын. Бастама аясында аймақтағы алғашқы экокампус ашылды. Университеттің стратегиялық бағытына сәйкес экологиялық жауапкершілік бірінші кезекке қойылады. Табиғатқа қамқорлық танытып, ресурстарды үнемдеу мен баламалы энергия көздеріне бет бұру – осы жобаның мақсаты .
-Университет жаңа буын мамандарын тұрақты даму қағидаттарымен тәрбиелеу арқылы өңірдегі жасыл бастамалардың көшбасшысына айналу жолындағы жұмысын жалғастырады, — деп атап өтті UTEBAYEV UNIVERSITY ректоры Гүлзада Шакуликова.