Жарнама
Экология

ТАБИҒАТ – АНА АЯЛАУДЫ СҮЙЕДІ 

Осы мақсатта Атырауда екі бірдей акция өтті.

Республика күні қарсаңында Атырауда «Қоқыссыз таза табиғат» және «Жер-Ана» республикалық экологиялық жобалары аясында тал егу мен тазалыққа арналған акциялар өтті.

​Атырау облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, ішкі саясат басқармалары мен экология департаментінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған елдік шараларға мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен «Жасыл ел» жастар жасағының мүшелері, қоғам белсенділері мен еріктілер қатысты. Ағаш көшеттері негізінен «Атырау-Астрахан» тас жолының бойындағы мал базарының маңында отырғызылды. Одан бөлек, тал егу жұмыстары «Самал», «Нұрсая» шағынаударында, әуежай аумағында, сонымен қатар қалаға қарасты ауылдық округтерде жалғасын тапты.

feaf3871 ae91 4b67 8954 5716d624744f

Тазалық жұмыстары «Жұмыскер-Балықшы» автокөпірінің оң жақ жағалау бөлігінен бастап Ракуша ауылына дейінгі аралықты, Қабдолов көшесінен Атамбаев көшесіне дейінгі жолдың қос қапталын, Әуезов, Мұқанов, Песчанная, Шәріпов көшелерінің бойын, Азаттық даңғылы №102 үй мен Балықшы кенті аралығын қамтыды. Айта кету керек, табиғат ананы аялап, тұрғылықты жеріміздің тазалығын сақтап, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруді мақсат тұтқан акцияға облыс, қала басшылары да қатысып, өзіндік үлестерін қосты.

–Мұндай шаралар биыл ғана емес, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Дегенмен осы жолғы акцияның жөні бөлек, мәні ерек. Өйткені ол еліміздің егемендігі туралы декларациясы жарияланған тарихи оқиғаға орайластырылған атаулы дата, ең маңызды да басты мереке – Республика күнінің құрметіне ұйымдастврылып отыр. Сондықтан да оның мерейі үстем, мәртебесі биік, — деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button