Жарнама
Экология

Су ресурстарын тиімді басқару – басты міндетіміз

Президент Жолдауында көтерілген су мәселелері – біздің басқарманың күн тәртібіндегі негізгі басымдықтардың бірі. Шынында да, су – стратегиялық маңызы бар ресурс. Оның тапшылығы әлеуметтік тұрақтылыққа, экономикалық даму мен ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететіні анық. Сондықтан су саласына үстірт қарауға болмайды, бұл бағытта жүйелі әрі нақты жұмыс жүргізу – уақыт талабы.

img 2967

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан осы салаға айрықша көңіл бөлініп келеді. Су кодексінің қабылдануы және арнайы министрліктің құрылуы – ел үшін маңызды қадам. Енді осы реформалардың тиімді жүзеге асуы үшін нақты іс-шаралар мен жаңа көзқарас қажет.

Бүгінде ең өзекті мәселелердің бірі – суды есепке алу мен бөлуде заманауи технологияның жеткіліксіздігі. Кейбір каналдарда су көлемінің жартысынан астамы далаға кетіп жатыр. Бұл – орны толмас шығын әрі үлкен қателік. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін су ресурстарын басқарудың бірыңғай цифрлық платформасын құру аса маңызды. Жасанды интеллект пен жаңа технологияларды енгізу арқылы біз әрбір тамшы суды есепке алып, оның әділ әрі тиімді бөлінуін қамтамасыз ете аламыз.

Сонымен қатар, су үнемдейтін технологияларды жедел енгізу – басты міндеттің бірі. Бұл бағытта халықаралық тәжірибеге сүйеніп, озық шетелдік компаниялар мен технологияларды тарту тиімді шешім болмақ. Әсіресе, су ресурстарын аз жұмсайтын жаңа агротехнологияларды ауыл шаруашылығында кеңінен қолдану қажет.

img 2966

Диқандарға да үлкен жауапкершілік жүктеледі. Суды ысырапсыз пайдалану, егіс алқаптарында заманауи әдістерге көшу, дақылдарды тиімді орналастыру – бәріміздің ортақ мүддемізге сай. Әрбір азамат судың құндылығын түсініп, оны қорғауға үлес қосуы тиіс.

Жауапты мекеме алдағы уақытта ұлттық су теңгерімін қалыптастыру, заманауи бақылау құрылғыларын орнату, су дипломатиясын дамыту және халықаралық ынтымақтастықты күшейту бағытында нақты шараларды қолға алады. Бұл жұмыстар ұзақ мерзімге арналған ұлттық су саясатын табысты жүзеге асыруға жол ашып, елдің тұрақты дамуына негіз болатыны сөзсіз.

Нұргүл ҚАЛИЕВА,

облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button