Жарнама
Экология

ШҰҒЫЛ! Атыраулықтар түтінге тұншығуда…

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ ҚАМЫС БИЫЛ ДА ӨРТЕНІП, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫН ӘБІГЕРГЕ ТҮСІРДІ. МАМАНДАР ЖЫЛ САЙЫН ҚАЙТАЛАНАТЫН БҰЛ ЖАЙТТЫҢ СЕБЕБІН АҢШЫЛЫҚ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРАДЫ. ЖАНЫП ЖАТҚАНЫНА ЕКІ КҮННЕН АСҚАН ӨРТТІ АУЫЗДЫҚТАУҒА ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МАМАНДАРЫ КҮШ САЛЫП ЖАТЫР.

Төтенше жағдайлар департаментінің бөлім бастығы Жантөре Демешовтың айтуынша, 20 қыркүйек күні сағат 08.57- де Атырау қаласындағы Кеңөзек және Тасқала ауылдарынан 40 шақырым жерде 60 гектар аумақта қамыс жанып жатқандығы туралы хабар түскен. Өрт болып жатқан аумақтың батпақты болуына байланысты өрт сөндіру техникалары оқиға орнына жете алмаған. Соған қарамастан департамент өкілі «елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ» дейді.

– Департаментте жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта министрлікке қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшақтары жалынды ауыздықтауға жұмылдырылды. «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағына өрттің таралуына жол берілген жоқ, — деді Жантөре Сәндібекұлы.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Райымбек Жонбайдың айтуынша, биыл 15 сәуірден бастап облыстық орман қорғау аумағында 5 орман өрті оқиғасы тіркелген. Атап айтсақ, Құрманғазы ауданында 3, Атырау қаласында 2 өрт оқиғасы орын алған. Төтеншеліктер өрттің қарапайым қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алатынын айтып отыр. Әсіресе, 15 қыркүйектен бастап аңшылық маусымы басталғаннан бері облыста қамыс өрті жиілеген. Сондай-ақ, аңшылар мен балықшылар ашық от көздері мен темекінің тұқылын сөндірмей немқұрайлы қарағандықтан да тұтанады екен.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button