Жарнама
Экология

Қамыс өрті: Теңіз суының таяздануы да басты мәселе

Өңірде туындаған өрт жағдайы – климаттық және географиялық ерекшеліктердің күрделі әсерінен орын алып отырған төтенше жағдай. Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстарына 130 адам мен 35 техника тартылғанымен, жұмыс айтарлықтай қиындықтармен жүргізілуде. Ең басты мәселе – жергілікті жердің батпақты және қиын жүретін болуы. Техника үшін қолжетімсіз жерлер көп, ал бұл өрт сөндіру қарқынын айтарлықтай тежейді.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің суының таяздануы табиғи ылғалдану процесін әлсіретіп отыр. Соның салдарынан жағалауға жақын аумақтар кеуіп, өрттің шығу қаупі еселене түсті. Торфты жерлерде өрт өте тез таралады және оны бақылауға алу көп күш пен уақытты талап етеді.
Біз қазірдің өзінде жағдайды тұрақтандыру үшін барлық ресурсты жұмылдырдық. Бірақ ұзақ мерзімді шешімдер үшін экожүйенің өзгерістеріне бейімделген алдын алу шараларын күшейту қажет. Бұл – тек төтенше жағдайлар қызметінің ғана емес, бүкіл қоғам мен экология саласының ортақ мәселесі.

Нұрбол ЖАҚАНОВ,
Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастару басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button