Жарнама
Экология

Ойыл өзені мұнай қалдығымен былғануда

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл ауылы тұсындағы көпір биылғы көктемгі су тасқыны кезінде істен шығып, Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті жол қатынасын тоқтатпау үшін баржа паром салған болатын. Ойылдықтар жергілікті атқарушы органның бұл жұмысты жүйелі ұйымдастырып жатқанына қуанып қалған еді. Алайда, қазір бұл жерде тұрғындардың орынды ренішін туғызатын жағдай орын алуда.
Йығында еліміздің герб белгісі бар әскери киім киген төтеншеліктер әрлі-берлі өткен жолаушылардың көзінше паром моторының қолданылған майын өзенге ағызып, тұрғындардың ашу, ызасын тудырып жатыр.

Ойыл жанашыры, Атырау облысы Қызылқоға аудандық мәслихатының депутаты, аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Есенбай Нұровтың хабарлауынша, орын алған бұл жағдайға көз жұма қарауға болмайды.

-Біздің ел жемқорлықтан ада, еліміздің заңдарын, оның жоғарғы органдарының құқықтарын әскери тәртіп бойынша бұлжытпай орындауға тиіс мына «төтеншеліктердің» өзенді мұнай қалдығымен былғауға Ойыл жанашырлары жол бермейді. Егер 15 күннің ішінде жұмысына жауапсыз қарап, өзеннің экологиясын бүлдірген қызметкерлерге құзырлы органдар тарапынан тиісті шара қолға алынбайтын болса, тікелей Қазақстан Республикасы Конституциясының басты қорғаушысы — Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Ойыл жанашырлары атынан қатынас хат жазамын, — деп ескертеді Е.Нұров.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button